Трам әкімшілігі визаларға өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты
АҚШ әлем бойынша визалық сұхбаттарға жазылуды уақытша тоқтатты. Бұл туралы Құрама штаттар президенті Дональд Трамптың әкімшілігі хабарлады.
Financial Times баслымының мәліметінше, бұл қадам Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатын қатаңдату бағытымен байланысты болып отыр.
Қазіргі уақытта АҚШ билігі депортация шараларын күшейтіп, визалар мен грин-карталарды жойып, заңды иммиграция талаптарын күрт қатаңдатып жатыр.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл шешімді дипломатиялық өкілдіктерде басталған ауқымды оқыту бағдарламасымен түсіндірді.
Оқыту кезінде өтініш берушілерді тексеру рәсімін барлық елде бірізді ету көзделген. Әсіресе, үміткердің қаржылық жағдайы жіті тексеріліп, оның АҚШ-қа барғаннан кейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға тәуелді болу ықтималдығы бағаланады.
Оқытудың нақты қанша уақытқа созылатыны және сұхбаттардың қашан штаттық режимге оралатыны әзірше белгісіз.
21 тамызда Нью-Йорктің федералдық судьясы Жанетт Варгас Мемлекеттік департаменттің Қазақстан мен тағы 74 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді шектейтін бұрынғы шарасын заңсыз деп таныған болатын.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 тамыз 2026