Жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды
2026 жылдың алғашқы жеті айында 4,5 мың есірткі құқық бұзушылығы тіркелді. Оның ішінде 17 синтетикалық есірткі өндіретін жасырын цехтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, оларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. 9 ұйымдастырушы мен 41 қатысушы ұсталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысында заңсыз айналымнан 865 келі есірткі заты тәркіленді.
Жасөспірімдерді есірткі ортасына тарту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері 55 кәмелетке толмаған ұсталды. Олардың 32-сі есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар.
Есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыс та күшейтілді. Уәкілетті органдар 2 миллионнан астам жас пен жасөспірімді қамтыған 14 мыңнан астам іс-шара өткізді.
Бұған дейін Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндірген ағайынды екі азамат ұсталды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
25 тамыз 2026