Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда жаңа әскери қалашық салынады

kz.kursiv.media

Алматыда жаңа әскери қалашық салынады

Алматының «Самғау» ықшам ауданында жаңа әскери қалашық салынып жатыр. Нысан шамамен 27 гектар аумақты алып жатыр. Құрылыс барысын Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков тексерді.

Жаңа қалашықта Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне арналған әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер салынады. Сонымен қатар әскери техникаларға арналған тұрақтар, қоймалар және инженерлік нысандар бой көтереді.

Жоба аясында кинологиялық қалашық та қарастырылған. Онда қызметтік иттерді үйретеді және кинологиялық бөлімшелер жұмыс істейді. Қалашыққа қажетті инженерлік желілер мен коммуникациялар да тартылады.

Яғни жаңа нысан әскери бөлім орналасатын аумақ қана емес, әскери қызметшілердің тұруы мен қызмет атқаруына қажетті инфрақұрылымы бар толыққанды әскери қалашық болады.

Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Ұлттық ұланның Алматыдағы материалдық-техникалық базасын күшейтуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Италияның сән үйін Қарағандыдағы Ұлттық ұланға айырбастады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар