Мәуліт түні қандай амал жасау керек: ҚМДБ нұсқаулығы
Мәуліт – Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) туған уақытына байланысты атап өтілетін ерекше күн. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) хабарлауынша, биыл Мәуліт түні 24 тамыздан 25 тамызға қараған түнге сәйкес келеді.
Мәуліт түні – Пайғамбарға (с.а.у.) деген сүйіспеншілікті жүректе жаңғыртып, Аллаға жақындататын берекелі уақыт. ҚМДБ бұл мүбәрак түнде орындалуы тиіс негізгі сауапты амалдарды ұсынады:
Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.у.) салауат айту: Бұл түнде Пайғамбарымызға көптеп салауат жолдау – ең ізгі амалдардың бірі. Айтылатын сөз: «Аллаһумма салли ала Мухаммадин уә ала әали Мухаммад».
Садақа беру: Пайғамбар өнегесін жалғастырып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлау арқылы сауап жинауға болады.
Дұға жасау: Мәуліт түні – Алла Тағаланың рақымы ерекше мол құйылатын кезең. Барша мұсылман өзі үшін, отбасы мен жақындары үшін жақсылық тілеп, ынтымақ пен амандық сұрайтын ерекше мүмкіндік.
Астанада 30 тамыз Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Мәуліт кеші өтеді. Кеште Мұхаммед Пайғамбардың адамгершілік пен ізгілікке үндеген өнегесі насихатталып, тағылымды бағдарламалар ұсынылады.
Кеште Қазақстанның халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, Айтыскер ақын, жазушы Арман Бердалин өнер көрсетеді.
Бұған дейін, Мәуліт айының басталғанын жазған едік.
- Соңғы
- Тамыз, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 тамыз 2026