Әнші Аша Матай сайлауда дауыс берді
Әнші, әрі актриса Аша Матай атымен белгілі Ақбота Асқарбекова құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол «Қазақстан Халық партиясы» атынан құрылтай депутаты болуға кандидат.
Аша Матай Құрылтай сайлауына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін оның айналасында қызу пікірталас өрбіді.
Еске сала кетейік, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды көмекшілерімен бірге дебатқа шақырған еді. Ал Матай өз кезегінде өзін дебатқа шақырғандарға жауап беріп, анасының «ер адаммен, ел ағасымен сөз таластыру жараспайды» деген тәрбиесін алға тартып, пікірталастан бас тартқан болатын.
A post shared by Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)
Бұған дейін Тамара Асар Құрылтай сайлауында дауыс беру үшін Астана қаласындағы №274 сайлау учакесіне барған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026