Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Нұржігіттің қасында болам": Бақытжан Базарбек Құлан ауылына көшті

kz.kursiv.media

Нұржігіттің қасында болам: Бақытжан Базарбек Құлан ауылына көшті

Экс-депутат Бақытжан Базарбаев Жамбыл облысындағы Құлан ауылына көшіп барғанын мәлімдеді. Ол жол апатынан қатты зардап шегіп, комаға түскен Нұржігіт көзін ашпайынша осы ауылда тұрады.

Алматы қаласының тұрғыны екеніне қарамастан, Бақытжан Базарбек Құлан ауылындағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Жақында ғана жол апатына ұшыраған бұрынғы депутат себебін былай түсіндірді:

«Ауыр халде жатқан Нұржігіттің жанында болуым қажет болғандықтан, Құлан ауылына көштім, алдағы уақытта Нұржігіт көзін ашпағанша осы ауылда тұрамын. Осы жерден дауыс бердім».

Ешқандай саяси партияның тізіміне кірмей, сайлаудан тыс қалған саясаткер Құрылтай мен оның депутаттарына сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 16 тамызда экс-депутат Бақытжан Базарбек адам қағып кеткені жайлы ақпарат тарады. Артынша полиция қылмыстық іс қозғағаны мәлім болды. Жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт комада жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар