24 тамызда Астана мен Алматыда нөсер жауын жауады
Қазгидромет синоптиктері 24 тамызда Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын айтты. Астанада бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін.
24 тамызда Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал. Түнде +10…+12 градус, күндіз +21…+23 градус болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Алматыда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус болып, кей уақытта жел секундына 15 метрге дейін күшейеді.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Түнде +20…+22, күндіз +31…+33 градус ыстық болады.
Түркістан облысында ауа температурасы +30…+35 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, ал солтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында +20…+25 градус болып, өңірдің оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ақмола облысында +21…+26 градус жылы болады.
Қарағанды облысында күндіз +18…+23 градус болып жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Шығыста күндіз +18…+23 градус болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Ең ыстық ауа райы батыста сақталады. Батыс Қазақстан облысында температура +34…+39 градусқа дейін көтеріліп.
«Қазгидромет» мәліметі бойынша, елдің батысы негізінен құрғақ және ыстық антициклонның ықпалында қалады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026