Маңғыстауда жас қызды зорлап жарты жыл ізін суытып жүрген күдікті ұсталды
Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен 43 жастағы күдікті Маңғыстау облысында қолға түсті. Бұл туралы «Криминалды Қазақстан» телеграм арнасы хабарлады.
Тергеу бойынша, 2025 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында 16 жастағы қыз бір топ адамның тарапынан бірнеше рет қорлық көрген. Сондай-ақ оны тыйым салынған заттарды (есірткі) тұтынуға мәжбүрлеген.
Бұл іске төрт ересек ер адам мен жәбірленушінің кәмелетке толмаған танысы қатысы бар деп танылып отыр.
Айыптау нұсқасы бойынша, қызды әлгі ер адамдарға ертіп апарған – осы кәмелетке толмаған танысы. Оған кәмелетке толмағанды тыйым салынған заттарды тұтынуға тарту және қылмыс туралы хабарламағаны үшін айып тағылды.
Ер адамдарға кәмелетке толмаған 16 жастағы қызға бірнеше рет зорлық көрсткені үшін және тыйым салынған заттарды тұтынуға итермеледі деген айыптар тағылды.
Тергеу жұмыстары аяқталып, іс Ақтау қалалық сотына жолданды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жәбірленушінің кәмелетке толмағанын ескерсек, сот отырыстары жабық режимде өтеді.
- Соңғы
- Тамыз, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026