Сауда саласына салынған инвестициялар 637,2 млрд теңгеге дейін өсті
Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында сауда және сабақтас салаларға салынған инвестициялар көлемі 637,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ға артық, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Сауда және интеграция министрлігі ақпаратына сүйенсек, инвестиция өсімінің ең жоғары қарқыны Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, Шымкентте, Қостанай облысында, Абай облысында, Маңғыстау облысында және Алматыда тіркелді.
Алматы инвестициялық белсенділіктің ең ірі орталығы болып қала береді. Жеті айда қалада 204,3 млрд теңге тартылды. Түркістан облысында инвестиция көлемі 88,7 млрд теңгені құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде ең көп салыным көтерме және бөлшек саудаға тиесілі болды – 246,6 млрд теңге. Сондай-ақ елеулі көлем қаржы және сақтандыру қызметіне, жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқаруға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және аумақтарды көркейтуге бағытталды.
Министрлікте атап өткендей, жаңа инвестициялар сауда инфрақұрылымын дамытуға, сауданың заманауи форматтарын кеңейтуге және кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталуда.
Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп инвестициялар тарту, жобаларды сүйемелдеу және сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 тамыз 2026