Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қайта кездеспекші

kz.kursiv.media

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қайта кездеспекші

Қытайдағы Азия-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық саммиті аясында Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі мүмкін. Әзірге бұл ресми нақтыланған жоқ. Дегенмен дереккөздеріне сілтеме жасаған Wall Street Journal осылай жазады.

Кездесу осы жылы күзде өтуі мүмкін. АҚШ президенті Шэньчжэнге барып, саммит қонағы болмақ. Трамп осы кездесуде КХДР көшбасшысымен ашық сөйлесіп, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер жүргізбек. Дегенмен сарапшылар бұл кездесудің нәтиже беретініне сенімсіз деп жазады басылым. Соңғы жылдары Солтүстік Корея ядролық және зымыран қуатын едәуір күшейтіп жатыр.

Сеул Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы келіссөздердің қайта жандануын жалпы қолдайды, себебі бұл Корей түбегіндегі шиеленісті азайтуға көмектеседі деп үміттенеді.

Дегенмен Оңтүстік Корея қауіптенетін де дүние бар. Егер АҚШ пен Солтүстік Корея өзара келісімге келіп, Солтүстік Кореяны ядролық мемлекет ретінде іс жүзінде мойындаса немесе оның ядролық бағдарламасына тым жеңіл талаптар қойса, бұл Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін дейді сарапшылар.

Бұған дейін Доналдьд Трамп бірінші рет президент болып сайланғанда Ким Чен Ынмен бірнеше рет кездескен.

Оқи отырыңыз: Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы зымыран жүйесінің бас директоры атанды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар