Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дастан Сәтбаев дебют жасауы мүмкін: «Бернли» - «Вест Хэм» матчын қайдан көруге болады

kz.kursiv.media

Дастан Сәтбаев дебют жасауы мүмкін: «Бернли» - «Вест Хэм» матчын қайдан көруге болады

Жексенбі, 16 тамыз күні Англия Чемпионшиптің бірінші туры аясында «Бернли» өз алаңында «Вест Хэмді» қабылдайды.

Бұл ойында алаң иелері сапында Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев алғаш рет жасыл алаңға шығуы мүмкін. Қазақстандық футболшы «Бернлиге» «Челсиден» маусымның соңына дейін жалға ауысқан еді. 2026/2027 жылғы маусым аясындағы бұл ойын Сәтбаев үшін жаңа клубындағы ресми қадам болмақ.

«Бернли» – «Вест Хэм» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирден сілтеме арқылы көруге болады.

Өткен маусымда қос ұжым да Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсеткенімен, элитадағы орнын сақтап қала алмады. Маусым қорытындысы бойынша «Вест Хэм» 18-орынға, ал «Бернли» 19-орынға табан тіреп, Чемпионшипке түсіп қалды.

Қос ұжым бір-бірімен соңғы рет биылғы ақпан айында кездесіп, «Вест Хэм» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар