Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот 18 тамызда басталады

kz.kursiv.media

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот 18 тамызда басталады

2025 жылдың қарашасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы 18 тамызда басталады. Бұл туралы Астана соты хабарлады.

Астана сотының мәліметінше, іс бойынша алғашқы ашық сот отырысы 18 тамызда сағат 15:00-де өтеді. Сот отырысына БАҚ өкілдері қатыса алады.

Еске салайық, 8 қарашада Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған. Сол кезде көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер құлады. Олардың бірі – Ұлдана Қалдырханқызы 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.

Оның өлімінен кейін Тоқаев жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Ал желтоқсанда Ұлдананың құрметіне Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта ілінді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар