Легионерлер шақырылмай, балалар спортына бөлінетін қаржы екі есе артқан
Туризм және спорт министрлігі спорт саласындағы реформалардың нақты нәтижелеріне тоқталып өтті. Миллиардтаған қаржы үнемделіп, балалар спорты дамып келеді.
Министрліктің есебінше, 8 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұған кәсіби клубтарды қаржыландыруға лимит енгізу және легионерлерді бюджет есебінен қаржыландырудан бас тарту ықпал етті.Сондай-ақ, балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық артқан. Спорт мектептеріндегі бір тәрбиеленушіге арналған жылдық қаржыландыру 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін ұлғайтылып отыр.Жаттықтырушылардың жалақысы 30%-ға өскен. Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. Қазіргі таңда 3 511 жаттықтырушы-оқытушы тиісті тестілеуге қатысқан.
Бұл мәлімет Астанада Спорт күні қарсаңында «Қазақстандағы спорт – реформалардан нәтижеге дейін. Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңды іске асыру қорытындылары» атты спорт конференциясы барысында айтылды.
Айта кететін жайт, Оқу-ағарту министрлігі енді Қазақстандағы мемлекеттік колледждер енді сабақтан тыс уақытта спорт нысандарын жалға бере алатынын хабарлаған еді.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026