Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балқаш мыс балқыту зауытына 6,3 млн теңге айыппұл салынды

kz.kursiv.media

Балқаш мыс балқыту зауытына 6,3 млн теңге айыппұл салынды

Балқаш мыс балқыту зауытында ауаны қорғау талаптарына қатысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде ауаны ластайтын шығарындылардың мөлшерден көбейіп кеткенін анықталды. Кәсіпорынға 6 363 805 теңге айыппұл салынды.

«Kazakhmys Smelting» ЖШС-не жоспардан тыс тексеруді Қарағанды облысының экология департаменті жүргізді. Инспекторлар өндірістік нысандарды, технологиялық жабдықтарды, газ тазарту қондырғыларын және шығарынды көздерін қарап шықты.

Тексеру барысында мамандар аспаптық өлшеулер жасап, шығатын газдан сынамалар алды. Тексеру қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың рұқсат етілген нормаларынан асып кеткені анықталды.

Сонымен қатар, технологиялық жабдықтардың тиісті деңгейде жұмыс істемеуі салдарынан ауаны ластайтын шығарындылар тіркелді.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша кәсіпорынға заңнама талаптарына сәйкес шаралар қолданылды. Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 6 363 805 теңгені құрады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар