Жойқын жер сілкінісі салдарынан Колумбия кофе экспортын тоқтатты
Колумбияда болған жойқын жер сілкінісі елдің басты портының жұмысын бұзып, маңызды автомагистральдарды жауып тастады. Салдарынан кофе экспорты дерлік тоқтап қалды, деп хабарлайды Bloomberg.
Asoexport кофе экспорттаушылар қауымдастығының басшысы Густаво Гоместің айтуынша, Кали – Буэнавентура тасжолындағы жолдардың жабылуына байланысты елдегі ең ірі Буэнавентура портына қатынау мүмкін болмай тұр. Порт терминалдары келген шығынды бағалауда, кофе партияларын қабылдау уақытша тоқтатылған немесе шектелген.
Жүк транспортының тапшылығынан жүкті басқа порттарға бұру да қиынға соғуда. Бұдан бөлек, электр қуаты мен байланыстың үзілуі кофе өңдейтін кәсіпорындардың жұмысын баяулатқан.
Колумбия – әлемде арабика өндіруден екінші орында тұрған ел (айына шамамен 1 млн қап кофе экспорттайды). Сондықтан логистикадағы іркілістің әрбір күні әлемдік нарыққа үлкен әсер етуде.
Соңғы мәліметтер бойынша, Колумбиядағы бұл жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250 адамнан асты.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026