Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көкшетау-Атбасар жолында төрт адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Көкшетау-Атбасар жолында төрт адам қаза тапты

Ақмола облысында болған апаттан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады өңірлік полиция.

Жол-көлік оқиғасы 12 тамызда Көкшетау-Атбасар автожолының 16-шақырымында орын алған.

«Алдын ала анықталғандай, Mini Cooper маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mini Cooper автокөлігінде болған тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен Mini Cooper автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізуші соққыға жығылғаны туралы жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар