Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан қаласының тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған…

kz.otyrar.kz

Түркістан қаласының тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған…

Павлодар қаласының прокуратурасы жаңа туған нәрестені заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Сотта анықталғандай, 2002 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны материалдық қиындықтарға байланысты жүкті кезінде дүниеге келмеген баласын ақшаға сатуды жоспарлаған. Осы мақсатта ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «бала асырап алғым келеді» атты қауымдастықта хабарландыру жариялап, сатып алушы тауып, жаңа туған қыз баланы 800 000 теңгеге сатуға келіскен.

2026 жылғы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында қылмыстық әрекет әшкереленді. Жедел іс-шара шеңберінде сатып алушы рөлін атқарған тұлғаға сериялық нөмірлері алдын ала тіркелген ақша қаражаты берілді.

2026 жылғы 31 наурызда Павлодар қаласындағы пәтерлердің бірінде сотталған әйел жаңа туған нәрестені оған қатысты медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға тапсырып, 100 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен («Кәмелетке толмағандар саудасы») кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы негізінде тағайындалған жазаны өтеу 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.

Павлодар қаласының прокуратурасы балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және мұндай қылмыстар құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін еске салады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар