Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан Яссауи көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.
Сонымен, 12 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 10:00-ге дейін көшенің төменгі бөлігі, яғни Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі бөлікте қозғалыс жабылады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер қойылады.
Әкімдік жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Айта кетейік, осыған дейін Сондай-ақ, 11 тамыз сағат 20:00-ден 15 тамызға дейін Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысы толығымен жабылатыны туралы жазған едік.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 тамыз 2026