Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Колумбия кофені шетелге сатуды тоқтатты

kz.kursiv.media

Колумбия кофені шетелге сатуды тоқтатты

Колумбияда болған жер сілкінісі елдің кофе нарығына ауыр соққы болды. Тіпті Колумбия сыртқы нарыққа өнім шығару жұмыстарын іс жүзінде толық тоқтатты.

Осы уақытқа дейін әлемдік нарықта кофе бағасы 4 пайыздан астамға арзандааған еді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Колумбияда болған зілзала кофе бағасының құнын күрт өзгертті.

Кофе экспортынын тоқтатудың басты себебі – елдің негізгі кофе порты Буэнавентураға апаратын жолдардың бұзылуы. Сонымен қатар зілзала кофе өндірісінің төрттен бірі тиесілі Кальдас және Рисаральда аймақтарына айтарлықтай зақым келтірді, ал өңдеу кәсіпорындары электр жарығы мен байланыс жүйесінің үзілуіне байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.

Колумбия – Бразилия мен Вьетнамнан кейінгі әлемдегі үшінші үлкен кофе экспорттаушы ел. Ондағы осындай төтенше жағдайлар мен көлік қатынасының үзілуі жаһандық нарықтағы бағаға тікелей әсер етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:34-те Колумбияда жойқын жер сілкінісі болды. Бүгінде зілзаладан қайтыс болғандар саны 250 адамнан асты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар