Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа барады
Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Қазірдің өзінде 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектептерге қабылданып үлгерді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, білім мекемелеріне қабылданған 296 мың бала мемлекеттік, 23 мың бала жекеменшік мектептерде біліп алады. Қала мектептерінег 191 мыңға жуық, ауыл мектептеріне 128 мыңға жуық бала қабылданды. Сонымен бірге ерекше білім беру қажеттілігі бар 4 мыңға жуық бала мектептерге тіркелді.
Бірінші сынып оқушыларының 71%-дан астамы қазақ тілінде, 26%-дан астамы орыс тілінде, тағы 2,5%-ға жуығы басқа тілдерде білім беретін сыныптарды таңдаған.
«Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің 2 мыңнан астам баласы қазақ тілінде білім беретін сыныптарға қабылданды. Бұл ата-аналардың балаларын қазақ тілінде оқытуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді», – деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Құжаттарды қабылдау 31 тамызда аяқталады.
Өтініштердің 84%-ға жуығын ата-аналар электрондық форматта берген. Құжаттарды eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ таңдалған мектепке тікелей тапсыруға болады.
Бірінші сынып оқушыларының ең көп саны Түркістан облысында – 50 мыңнан астам, Алматы облысында – 35 мыңнан астам, Астанада – 33 мың, Алматыда – 31 мыңнан астам және Шымкентте – 29 мыңнан астам болады.
Тақырыпқа орай: Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жасанды интеллект оқытылады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 тамыз 2026