Ақтөбе облысында мұнай өндіреді: «ҚазМұнайГаз" хорваттармен бірлескен компания құрды
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Shygys Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 50 пайыздық үлесіне ие болды. Екінші акционері – Хорватияның Көмірсутек жөніндегі агенттігінің (CHA) еншілес компаниясы саналатын GEOENERGIJA RAZVOJ d.o.o. («Геоэнергия»).
Осы өзгерістен кейін «ҚазМұнайГаздың» 10 пайыз және одан да көп акциялары мен үлесі бар еншілес компанияларының саны 67-ге жетті.
Аталған тізімге мұнай өндіру, тасымалдау, өңдеу және геологиялық барлау бағытындағы еншілес әрі үлестес құрылымдар кіреді.
ҚМГ 2025 жылдың қазанында «Шығыс» көмірсутек жобасын бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық серіктес іздеді.
Ал 2026 жылдың сәуірінде аталмыш кәсіпорынның көмірсутек барлау және өндірумен айналысатынын хабарлаған еді. Бұл ретте геологиялық барлау кезеңін хорваттар толығымен өздері қаржыландырады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 тамыз 2026