MG мен BYD-ге сұраныс жоғары: Еуропалықтар да қытай көліктерін таңдай бастады
2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Еуропада қытайлық брендтердің 663 мың автокөлігі сатылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Осылайша, қытайлық автокөлік брендтерінің Еуропа нарығындағы үлесі 9,2%-ға жетті. Бұл туралы Car Industry Analysis хабарлады.
Қытайлық брендтер арасында MG және BYD көш бастап тұр. Олар Еуропа елдеріндегі қытайлық компаниялардың жалпы сатылымының жартысынан астамын қамтамасыз еткен.
Айта кетейік, жоғарыда аталған қытайлық брендтердің бір бөлігі Қазақстан нарығында да бар.
Мысалы, 2026 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда MG маркасының 713 көлігі сатылған. Бұл өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 2,5 есе көп. Ал BYD 2 042 автокөлік өткізген. Бұл былтырғы алғашқы алты айдағы көрсеткіштен шамамен 3,5 есе жоғары.
Chery Қазақстанның автомобиль нарығындағы көшбасшылардың біріне айналып, алғашқы жартыжылдықта 8 143 көлік сатқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға көп.
Айта кетейік, Қазақстанда жаңа энергия көздерімен жүретін (NEV) автокөлік нарығы қарқынды өсім көрсетіп отыр. «Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында ресми дилерлер 3 657 NEV автокөлігін сатқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 266%-ға немесе 3,5 есе көп (2025 жылы – 998 көлік).
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 тамыз 2026