Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтар Персеид жұлдызды жаңбырын қайдан көре алады

kz.kursiv.media

Қазақстандықтар Персеид жұлдызды жаңбырын қайдан көре алады

12 тамыздан 13 тамызға қараған түні қазақстандықтар жылдың ең әсерлі астрономиялық құбылыстарының бірі – Персеид метеор ағынын көре алады.

Астрономдардың есебі бойынша, жұлдыздар құлауының ең белсенді кезеңі Гринвич уақыты бойынша 12 тамыз сағат 21:00 мен 13 тамыз сағат 09:00 аралығына сәйкес келіп отыр. Алматы мен Астана тұрғындары үшін аспанды бақылауға ең жақсы уақыт – жергілікті уақытпен түнгі 02:00 мен таңғы 05:00 аралығы.

Негізінен Персеид шоқжұлдыздарының белсенді кезеңі 17 шілде мен 24 тамыз аралығында жалғасады, бірақ ең көп жұлдыз аққан сәтті дәл осы түні байқауға болады.

Ауа райы ашық болса жұлдыздардың құлау қарқындылығы сағатына 100 метеорға жетуі мүмкін. Қазақстанның басым бөлігі орналасқан ортаңғы солтүстік ендіктер бұл көріністі тамашалауға аса қолайлы.

Жұлдызды жаңбырды тамашалауға арнайы құралдар (телескоп немесе дүрбі) қажет емес. Мәселен, мамандар көріністі тамашалау үшін қала сыртына шығуға кеңес береді. Себебі қаланың шамдары жұлдыз ағынын көруге кедергі келтіреді.

Персидтер – жыл сайын тамыз айында Персей шоқжұлдызынан пайда болады. Метеор ағыны жердің Свифт – Таттла кометасы шығарған шаң бөлшектерінің өтуі нәтижесінде пайда болады. Құм дәнінің ең кішкентай бөлшектері жер атмосферасында күйіп, «Жұлдызды жаңбыр» түзеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар