Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатқандар 17 жылға сотталды
Астанада есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдап және таратқан қылмыстық топ құрықталды. Олардың әрқайсысы 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырыру жазасы көзделіп отыр.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері бір жыл бойы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде интернет-дүкен арқылы тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты.
Тергеу барысында қылмыстық схеманың алты қатысушысы болғаны анықталды. Олардың қатарында интернет-дүкенді ұйымдастырушы, есірткіні жауапты тұлғалар, оларды таратқан курьерлер, сондай-ақ қылмыстық жолмен келген қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар адамдар бар.
Полиция қызметкерлері топ мүшелерін ұстау барысында есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Сотталушылардың кінәсі дәлелденді. Топ мүшелерінің әрқайсысына 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұған дейін 43 келіден астам марихуананы Жамбыл облысынан Алматыға жеткізбек болған жүргізуші ұсталған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 тамыз 2026