Мүфтият турфирмалар үшін қажылық сапарға байқау жариялады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымы үшін туристік операторлар арасында байқау жариялады. Шарттары мүфтият сайтында жарияланды.
Қажылық парызын өтеуге ниет еткен мыңдаған қазақстандықты Сауд Арабиясына апаратын турфирмалар ҚМДБ-ның сегіз талапына сай болуы тиіс. Байқауға қатысу үшін мемлекеттік лицензия мен «Туристік қызмет туралы» заңға сай қосымшасын алу қажет.
Бұған қоса, турфирмалардың салықтар мен міндетті төлемдердің төленгеніне назар аударылады. Қажылықты ұйымдастыру ісіне өз саласында бес жылдық тәжірибесі бар компаниялар ғана жіберіледі.
Бір турфирма кем дегенде 1 мың қажыға қызмет көрсетеді. Сонымен бірге оператрлар Сауд Арабиясының уәкілетті ұйымдарымен серіктестік орнатуы шарт. Турфирма туристерді ұйымдастырып, көлік, виза, гид қызметін ұсына алуы тиіс.
Байқауға Қазақстан аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесі бар компаниялар ғана жіберіледі.
Құжат қабылдау 11 тамызда басталып, 21 тамызда аяқталады. Одан кешіккен турфирмалардың ұсыныстары қаралмайды, деп ескертті мүфтият.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 тамыз 2026