Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елдегі құрылыс жобалары ЖИ тексеруінен өтеді

kz.kursiv.media

Елдегі құрылыс жобалары ЖИ тексеруінен өтеді

Қазақстанда құрылыс жобаларын тексеру процесі жеңілдей түсті. «Мемсараптама» кәсіпорны жобалау құжаттарын автоматты түрде тексеретін жасанды интеллект модулін іске қосты. Енді сараптамаға түсетін барлық жобалар ең алдымен осы ақылды жүйенің сүзгісінен өтеді.

Жаңа цифрлық шешімнің арқасында құжаттарды алдын ала тексеру мерзімі бұрынғыдай 5 жұмыс күні емес, 2 тәулік қана алады. Бұл тапсырыс берушілерге қателер мен ескертулерді бірден біліп, өңдеуге жіберуге немесе құжаттар дұрыс болса, сараптаманың келесі кезеңіне тезірек өтуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект не істейді?

Жүйе құжаттардың толық жиналғанын, рұқсат қағаздарының мерзімі өтіп кетпегенін, олардың дәл осы жобаға қатысы бар-жоғын және талаптарға сәйкестігін адамның қатысуынсыз-ақ тез тексеріп шығады. Ол үшін компьютерлік көру, мәтінді тану және құжаттың мазмұнын түсінетін заманауи тілдік модельдер қолданылады. Жүйе ұлттық суперкомпьютер базасында жұмыс істейді және QPortal.kz порталымен байланыстырылған.

Егер жобада қандай да бір кемшілік болып, ол кері қайтарылса, тапсырыс беруші порталдағы «ЖИ нәтижелері» батырмасын басып, роботтың нақты қай жерден қате тапқанын бірден көре алады.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік көмек алушыларды жасанды интеллект анықтайды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар