Алматыда автобус әйелді қағып өлтірді
Бүгін, 2026 жылғы 12 тамызда, Алматыда автобус бір әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы адам өліміне әкеп соққан.
Қайғылы жағдай туралы алғашында әлеуметтік желілерде белгілі болды. Оқиға куәгерлері болған жағдайдың видеоларын жариялаған.
Zakon.kz ақпаратына қарағанда, Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірген.
Жол-көлік оқиғасы сағат 12:20 шамасында Бостандық ауданындағы Мұстафин көшесінде болған. Оңтүстік бағытта келе жатқан автобус жолды кесіп өтіп бара жатқан 1996 жылы туған әйелді қағып кеткен. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кететін жайт, Алматыда 27 шілдеде «Гелендваген» мен Suzuki көліктері соғысып, екі адам қаза тапқан еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 тамыз 2026