Қарағандыда Дима Билан мен Қайрат Нұртастың қатысуымен тегін концерт өтеді
29 тамызда Қарағандыда Шахтерлар күніне арналған мерекелік концерт өтеді деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кештің басты хедлайнерлерінің бірі – ресейлік әнші Дима Билан. Ол бірнеше буынға таныс хит әндерін орындайды. Сондай-ақ сахнаға отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас шығады.
Дима Билан мен Қайрат Нұртастан бөлек, мерекелік бағдарламада танымал қазақстандық орындаушылар Moldanazar мен Dequine де өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына арнап үлкен сахна мен ауқымды бағдарлама дайындауға уәде беріп отыр.
Шахтерлар күніне арналған мерекелік шаралар Қарағанды облысының бес қаласында Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Қаражалда өтеді. Концерт сағат 18:00-де басталады. Көрермендер үшін кіру тегін.
Оқи отырыңыз: Қайрат Нұртас Атыраудағы қарттар үйіне барып, ән айтты (видео)
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 тамыз 2026