Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украина Қара теңізде қазақ мұнайы тиелген танкерлерді атқылауды доғарды

kz.kursiv.media

Украина Қара теңізде қазақ мұнайы тиелген танкерлерді атқылауды доғарды

Украина Қара теңіздегі мұнай танкерлерін дрондармен атқылауды уақытша тоқтатты. АҚШ осындай өтініш жасаған. Бұл туралы Financial Times газеті жазды.

Басылым мәліметінше, Ресейдің Қара теңіздегі Новороссийск портына қатынайтын мұнай танкерлерін шабуылдауды доғару туралы өтінішті АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс жасаған. FT мұндай мәліметті сәрсенбі күні украин шенеуніктерінің сөөздеріне сүйене отырып таратты.

Вашингтон Украина әрекетінің мұнай нарығына кері әсер еткеніне, америкалық компанияларды шығынға ұшыратқанына алаңдаған. Өйткені украин дрондары бұған дейін Каспий құбыр консорциумы терминалына жеткізілген қазақ мұнайын тасыған танкерлерді бірнеше мәрте атқылаған.

Украина КТК инфрақұрылымына немесе Ресейге тиесілі емес кемелерге соққа жасамауға келіскен. Дегенмен танкерлер украин санкциясына ілігіп, Ресей мұнайы немесе жүгін тасып жүрсе, Киев оларға шабуылдаудан бас тартпайды.

Reuters-тің төрт дереккөзінің айтуынша, шілде айында дрондардың Қара теңізге шабуылдарынан КТК мұнай тасымалының бестен бірі жүзеге аспай қалған. Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қазақстан мен Батыс елдерінің ірі мұнай алыптарының саудасына да әсер еткен.

Қазақстанда өндірілген мұнайдың 80%-ы дәл осы КТК арқылы экспортталады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар