Тоқаев БҚО-ның коммуналдық инфрақұрылымын жедел жаңғыртуды тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімнің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 5 трлн теңгеге жеткен. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 13,6%-ға өсті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі 874,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға артты.
Нариман Төреғалиев нрезиденттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы туралы да баяндады:
2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 млрд теңгеніқұрады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту жұмыстарын жалғастыруды, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды жеделдетуді және халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Бұған дейін президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов кездесу өткізген еді.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026