Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Динара Сәтжан соттасқан ақтөбелік емші кінәлі деп табылды

kz.kursiv.media

Динара Сәтжан соттасқан ақтөбелік емші кінәлі деп табылды

Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесоваға қатысты сот отырысы аяқталды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «жала жабу» бабы бойынша айып тағылып, сот оны кінәлі деп тапты. Енді емші 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді.

Лепесова TikTok-тағы эфирлердің бірінде шоу-бизнестегі кейбір тұлғалар туралы айтады, тікелей атын атамағанымен көпшілік оны Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова деп қабылдайды.

Осыдан кейін Динара Сәтжан ақтөбелік интернет-емшінің үстінен шағым түсіріп, оның қызметіне шүйлікті.

Іс Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсіп, отырыс 16 шілдеде басталды.

Сот отырысында Бағдагүл Лепесова өзіне тағылған айыппен мүлде келіспей, әлеуметтік желідегі парақшасына мұндай видео жүктемегенін айтып ақталды.

«Меңде өз әлемім бар. Ол адамның әлемін түсінбеймін. Өзіме тағылған бірде-бір айыпты мойындамаймын. Видео менің парақшамда тұр ма? Жоқ. Менде бұл парақша болмаса, мына адамдарға қалай жауап беремін? Бұл жердегі дүние маған тиесілі емес. Біреу үшін жауап бере алмаймын», – деді Лепесова.

Емшінің қорғаушысы да видео жазбалардың монтаждалғанын немесе жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін екенін алға тартты. Ол сараптама қорытындысын заңсыз деп тануды, сондай-ақ бейнені желіге жүктеген екі аккаунттың иелерін тауып, сотта жауап алуды сұрады.

Арызданушы, белгілі продюсер Баян Алагөзова сотқа онлайн қатысты. Ол бұл видеоның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргенін айтып, кешірім бермейтінін және медиациялық келісімге келмейтінін кесіп айтты.

Сот қаулысымен Бағдагүл Лепесова кінәлі деп танылды.

«Бағдагүл Лепесова Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Оған 1 557 000 теңге көлемінде түпкілікті әкімшілік айыппұл салынсын. Айыппұл 30 күннен кешіктірілмей төленуі тиіс», – деді судья Анар Айтжанова.

Айта кетейік, Бағдагүл Лепесованың үстінен бұдан бөлек Қылмыстық кодекстің «Қорлау» бабы бойынша Астанада қылмыстық іс қозғалып, тексеріліп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар