60 млн теңге алған: Мекке мен Мәдинаға апарам деп алдағандар сотталды
Астана қаласының екі тұрғыны ондаған азаматты Мекке мен Мәдинаға қажылыққа апарам деп алдағаны үшін сотталды. Бұл туралы Kursiv.Media Бас прокуратура мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Құзырлы мекеме дерегінше, олар адамдарды Instagram әлеуметтік желісіне жалған жарнама беру арқылы тартқан. Соған сеніп қалған 37 азамат екеуіне 60 млн теңге тапсырған.
«Алған міндеттемелерін орындамай, жәбірленушілерден алынған ақша қаражаттарын өз қалауынша жұмсаған», – деп таратты прокуратура.
Сот үкімі шықты. Олардың әрқайсысына 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.
Сотталушылар үкімге шағымдана алады.
Прокуратура азаматтарды сақ болуға және күмәнді тұлғаларға ақша бермеуге шақырды.
Осы аптада Мүфтият қажылық сапарды ұйымдастырушы турфирмалар арасында байқау жариялаған.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026