Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дарынды жастарға AI-стартаптарды іске қосуға жол ашатын бағдарлама қолға алынды

kz.kursiv.media

Дарынды жастарға AI-стартаптарды іске қосуға жол ашатын бағдарлама қолға алынды

Қазақстанда дарынды жастарға AI-стартаптарды іске қосуға қосымша мүмкіндік беретін бағдарлама қолға алынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпаратынша, Alem AI Talent Lab қолдау бағдарламасы Astana Hub жасанды интеллект саласындағы дарынды жастарды қолдауға және AI мамандарының жаңа буынын даярлауға бағытталған. Qazaq AI Research University (QAIRU) студенттеріне арналып отыр.

Бағдарламаның алғашқы легі бакалавриат және магистратурада білім алып жатқан 100 студентті қамтымақ. Қатысушылар кәсіби дамуға, ғылыми-зерттеу және технологиялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ өздерінің AI-стартаптарын іске қосуға қосымша мүмкіндіктер алады.

«Alem AI Talent Lab талантты жастарға идея мен ғылыми зерттеуден бастап, өз өнімін жасап, технологиялық бизнес құруға дейінгі жолды ұсынады. Біздің мақсатымыз – оларға Astana Hub экожүйесіне қолжетімділік беру. Мұнда олар сарапшыларды, серіктестерді және қолдау таба алады. Ал перспективалы жобалар уақыт өте келе жаһандық компаниялар мен болашақ бірегей стартаптарға айналуы мүмкін», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.

Бағдарлама заманауи AI технологияларын пайдаланумен қатар, өздерінің инновациялық шешімдерін әзірлей алатын, ғылыми зерттеулер жүргізетін және технологиялық өнімдерді халықаралық нарыққа шығара алатын мамандарды даярлауға бағытталған.

Бағдарламаға барлық қызығушылық танытқан студенттер қатыса алады. Ол үшін QAIRU ақпараттық жүйесі арқылы қатысуға келісімін растауы қажет. Қатысу тәртібі туралы толық ақпаратты университет ұсынады.

Айта кететін жайт, микрочип пен есептеу технологиясының көшбасшысы Intel компаниясы отандық Nace.AI стартабына инвестиция салды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар