Алматыда көше атаулары тек қазақша жазыла бастады
Алматыда көше атаулары, жол сілтейтін тақтайшалардағы ақпарат тек қазақша жазыла бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Мұны байқаған тұрғындар жаңалықты бірнеше күннен бері желіде бөлісіп жатыр.
Бұрын жолбелгілер қазақ және орыс тілінде қайталанып тұратын. Қазір даңғыл, көше, шағын аудан атауы тек қазақша жазыла бастаған.
Жолдағы нұсқағыштарға жауапты мекеме мұны жол бергілері мерзімінің өтуімен байланыстырды.
«Қолданыстағы жол белгілерінің тиісті қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты оларды кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жол белгілері мен бағыттауыш көрсеткіштер қолданыстағы стандарттар мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес орнатылуда», деп хабарлады «СМЭУ Алматы» ЖШС-і.
Желідегі жазбалардан көше атауларының тек қазақ тілінде жазылуын тұрғындар жылы қабылдап, түсінбестік тудырмайтынын айтып жатқанын аңғаруға болады. Тек шетелдіктер үшін латынша жазып қойса артық етпейтін еді деп тілек білдіріп жатқандар бар.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026