"Ұмай" бағдарламасымен алған пәтерді жалға беруге бола ма
Тамыздың соңына қарай Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасына өтініш қабылдайды. Аталмыш бағдарлама арқылы тек 2016 жылдан бері салынған үйлерден пәтер алуға болады. Сонымен қатар «Ұмай» арқылы сатып алынған пәтерді жолға беруге тыйым салынады. Бұл туралы «Отбасы банктің» Kursiv.Media ресми сауалына берген жауабында жазылған.
Бағдарламасы бойынша клиентке алдын ала тұрғын үй заемы беріледі. Қарыз алушы пәтердің 50 пайызын жинаған соң, тұрғын үй заемына көшіп, сыйақы мөлшерлемесі төмендейді. Ипотека нақты қанда пайызбен берілетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін «Отбасы банк» Ляззат Ибрагимова 14 пайыздан басталуы мүмкін екенін айтқан.
2026 жылдың 10 сәуірінде Отбасы банк пен Азия даму банкі 90 млрд теңге көлемінде қарыз беру туралы келісімге қол қойды.
Бұл қаражат Отбасы банк тарапынан «ҰМАЙ» және «Жасыл ипотека» бағдарламалары бойынша тұрғын үй несиесін беруге бағытталады. «Ұмай» арқылы соның тең жарымы игерілмек.
«ҰМАЙ» бағдарламасы аясында жаңа үйлерден де, қайталама нарықтан да үй сатып алуға болады. Алайда қайталама нарықтағы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бері пайдалануға берілген үйлер ғана бағдарламаға өтеді.
Қайталама нарықтағы пәтерге, оның ішінде қабырға материалына қатысты талап, банктің кепілге қабылданатын жылжымайтын мүлікке қойылатын жалпы талаптарымен реттеледі.
Осы бағдарлама арқылы сатып алынған пәтерде иесі өзі тұруы тиіс.
«ҰМАЙ» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алғаннан кейін қарыз алушы сол тұрғын үйде өзі тұруға міндетті. Бұл талап бағдарламаны іске асырудағы серіктес – Азия даму банкінің шарттарына сәйкес белгіленген», – делінген жауапта.
Бұған дейін жарияланған шарттарға сәйкес, «Ұмай» арқылы баспана алу үшін тұрғын үй құнының кемінде 20%-ын бастапқы жарна ретінде салу қажет. Қарыздың ең жоғары сомасы Алматы мен Астана қалаларында 50 млн теңгеге дейін, ал несие мерзімі 25 жылға дейін қарастырылған.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026