Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көшпенділер ойындарында ел намысын 150-ден астам спортшы қорғайды

kz.kursiv.media

Көшпенділер ойындарында ел намысын 150-ден астам спортшы қорғайды

Астанада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысын пысықтауға арналған маңызды жиын өтті.

Министрліктің хабарлауынша, дүбірлі додада Қазақстанның намысын қорғайтын ұлттық құрама толықтай жасақталды. Ел намысын қорғау үшін аттанатын делегация құрамына: 155 спортшы мен 49 жаттықтырушы және жарысқа қатысуды қамтамасыз ететін арнайы мамандар енді.

Делегацияның барлық мүшелері бірыңғай арнайы спорттық киім үлгісімен толық қамтамасыз етілген. Спортшыларды даярлау жұмыстарын Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы өңірлік спорт басқармаларымен әрі федерациялармен бірлесе отырып ұйымдастырып отыр. Қазіргі таңда команда мүшелері соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Жиын барысында этноспорттың көшбасшысы көкпар жарысына дайындық мәселелері жеке талқыланды. Ұйымдастырушылар сәйгүліктерді тасымалдау, оларды жайғастыру, күтіп-бағу және сапалы ветеринариялық сүйемелдеумен қамтамасыз ету сияқты маңызды логистикалық шараларды толық пысықтады.

Кеңес соңында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларға сәттілік тілеп, ел үмітін ақтауға шақырды.

«Спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы медальдық есепте ең үздіктердің қатарынан көрінетініне, сондай-ақ жанкүйерлерге жарқын әрі тартысты бәсеке сыйлайтынына сенімдімін», – деді министр.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылғы 29 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өтеді. Ауқымды доданың бағдарламасына спорттың 43 түрі енгізілген, ал спортшылар толық жарыс бойы 69 медаль жиынтығын өзара сарапқа салатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін көкпар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жеке спорт түрі ретінде енгізілген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар