Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскемен тұрғыны бөтен көлікті 35 мың теңгеге металлоломға өткізген

kz.kursiv.media

Өскемен тұрғыны бөтен көлікті 35 мың теңгеге металлоломға өткізген

Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғыны бірнеше құқықбұзушылық, соның ішінде екі автокөлікті заңсыз иемдену және көлік құралын есірткіге мас күйде басқару бойынша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Eр адам тұрғын үй ауласында ұзақ уақыт тұрған Mazda Cronos көлігін байқап қалған. Ол мобильді қосымша арқылы эвакуатор шақырып, бөтен көлікті металл қабылдау пунктіне өткізген. Бұл үшін өскемендік 35 мың теңге алған.

Кейін сол ер адам қонақта болған кезде үй иесінің рұқсатынсыз Lada 21703 көлігінің кілтін алып, көлікпен кетіп қалған.

«Күдіктінің бұған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан кезде медициналық куәландыру оның есірткіге мас күйде болғанын растады – ағзасынан каннабиноидтар анықталды», – деп хабарлады полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар