Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстан электромобильдер шығара бастамақ

kz.kursiv.media

Қырғызстан электромобильдер шығара бастамақ

Қырғызстанда электромобильдерді өндіру және құрастыруға арналған автомобиль өнеркәсібі кластері құрылып жатыр.

Kaktus.media ақпаратына қарағанда, Экономика және коммерция министрлігі жеңіл, коммерциялық және арнайы мақсаттағы көліктер шығарылатынын мәлімдеген.

Автомобильдер ұлттық BARS брендімен шығарылады. Өнімді ішкі нарықта сатумен қатар, Орталық Азия елдері мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттеріне экспорттау жоспарланып отыр.

Алғашқы кезеңде кәсіпорын автомобильдерді ірі торапты әдіспен құрастырумен айналысады. Кейін ұсақ торапты құрастыруға, одан соң толық өндірістік циклге көшу жоспарланған.

Министрлік бұл қадам жергілікті өндірілетін бөлшектердің үлесін арттыруға, автокомпоненттер шығаруды жолға қоюға және инженерлік-техникалық әлеует қалыптастыруға мүмкіндік береді деп есептейді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 10 мың автомобильге дейін жетеді. Зауыт 15 гектар аумақта орналасады. Кәсіпорында 100 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Экономика министрлігінің мәліметінше, жобаның қазіргі дайындық деңгейі –75%. Кәсіпорынды іске қосу 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Жоба бастамашының өз қаражаты есебінен толығымен қаржыландырылады. Ал мемлекет жобаны жүзеге асыру үшін жер телімін ұсынған.

Айта кететін жайт, Қырғызстанда бензин күрт қымбаттады, АИ-95 бағасы 598 теңгеге жеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар