Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда жеті айда 13 бала тамақтан уланып қалды

kz.kursiv.media

Қазақстанда жеті айда 13 бала тамақтан уланып қалды

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жеті айында білім беру нысандарында 13 бала тамақтан уланды. Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай азайған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай нәтижеге балалар болатын нысандарға санитариялық бақылаудың күшейтілуі әсер еткен.

2025 жылдың алғашқы жеті айында білім беру ұйымдарында тамақтан уланудың 8 жағдайы тіркеліп, 118 бала зардап шеккен. Ал 2026 жылдың осы кезеңінде 2 жағдай болып, 13 бала зардап шекті.

Маңғыстау облысындағы топтық тамақтан улану жағдайларынан кейін балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған қосымша шаралар қабылданды.

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балалар мекемелеріне мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі енгізілді. Бұл санитариялық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға және қауіптерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік берді.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты мен үлгілік перспективалық мәзір қолданыла бастады.

Жаңа талаптарда азық-түліктің қауіпсіздігіне, оны сақтау мен дайындау жағдайларына ерекше көңіл бөлінген.

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың қауіпсіздігі мен мектептердегі тамақтану сапасы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.

Еске салайық, шілде айында Ақмола облысындағы лагерьде алты бала тамақтан уланып қалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар