Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Студенттер жатақханаға орналасар алдында нені білуі керек

kz.kursiv.media

Студенттер жатақханаға орналасар алдында нені білуі керек

Өзге қалаға көшіп, жоғары оқу орындарында оқуын бастағалы жатқан студенттердің ең алғашқы уайымы – жатақханаға орналасу. Олар жатақхана алу тәртібін, студенттерге көрсетілетін қолдау шараларын біле бермейді. Осы орайда Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан студенттердің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Айтуынша, бүгінде елімізде 72 125 орындық 281 жатақхана пайдалануға берілді. Оның ішінде ЖОО студенттері үшін 51 323 орындық 182 жатақхана бар.

Жатақхана әуелі кімдерге беріледі?

Жатақханадағы орындар, ең алдымен, әлеуметтік осал санаттағы білім алушыларға басымдықпен беріледі. Атап айтқанда:

– ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;– мүгедектігі бар студенттерге;– көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге;– ауыл жастарына,– «Серпін» жобасы арқылы білім алуға түскендерге;– қандастарға, сондай-ақ басқа да әлеуметтік осал санаттарға жататын студенттерге беріледі.

Студенттер мәселе туындаған жағдайда қайда жүгіне алады?

Студенттердің жатақханаға орналасуына байланысты мәселелерді жедел әрі тиімді шешу мақсатында жаңа оқу жылында Министрлік ситуациялық және дағдарыс орталықтарын ашты. Ситуациялық орталық Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінің базасында, ал дағдарыс орталығы М. Тынышпаев университетінің базасында ашылды.

Ситуациялық орталық студенттерді жатақханадағы бос орындар туралы ақпаратпен қамтамасыз етсе, дағдарыс орталығы форс-мажорлық жағдайларда студенттерді уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап жатақханада тұратын жетім балаларға, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға 29 АЕК-ке дейін, яғни 100 050 теңгеге дейін өтемақы қарастырылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар