Қызылордалық тұрғын денесінен отадан қалып кеткен дәке тапты
Қызылорда облысының тұрғыны хирургиялық ота кезінде оның денесінде дәке тампоны қалдырылғаннан айтып, сотқа жүгінген.
Жоғарғы сот мәліметінше, жіберілген медициналық қателіктің салдарынан науқас ұзақ уақыт бойы қатты ауырсынуды бастан кешірген. Дұрыс емдемеген жарадан зардап шеккен. Өз есебінен қайта ота жасатуға мәжбүр болған.Осыған байланысты ол медициналық мекемеден материалдық шығын мен моральдық зиянның орнын толтыруды талап еткен.Сот бастапқыда талап қоюшыға кистаны алып тастау отасы жасалғанын анықтады.Алайда, екі айдан кейін оған басқа медициналық мекемеде қайта ота жасалған. Сол кезде алдыңғы ота жасалған жерден бұрын қалған дәке тампоны алынған.Бөгде заттың болу фактісі ота жасау хаттамасымен, медициналық құжаттамамен, бейнежазбамен, сондай-ақ қайта емдеу жүргізілген медициналық мекеме өкілінің түсіндірмесімен расталды.Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттей отырып, жауапкердің кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді. Талап қоюды қанағаттандырды.Медициналық мекемеден талап қоюшының пайдасына моральдық зиян мен материалдық залалдың орнын толтыру есебінен 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Мұның алдында Ақтөбелік тұрғын дәрігерлер ұмытқан дәкені мойнынан суырып алған еді.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026