Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елена Рыбакина камбэк жасап, финалға шықты

kz.kursiv.media

Елена Рыбакина камбэк жасап, финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалында тартысты матч өткізіп, бас жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

АҚШ өкілі Коко Гауффқа (WTA: 4) қарсы өткен текетірес 2 сағат 2 минутқа созылды.

Ойын Рыбакина үшін оңай басталған жоқ. Алғашқы сетте американдық теннисші тай-брейкте басым түсіп, есепті ашты:

1-сет: 7:5 Гауффтың пайдасына аяқталды. 2-сетте 2:6 Рыбакина таразы басын теңестірді.

Үшінші шешуші сетте тағыда 2:6 есебімен Елена ойынды толық бақылауына алып, сенімді жеңісті жұлып алды.

Енді турнирдің шешуші финалында Елена Рыбакина поляк теннисшісі Ига Швёнтекпен кездеседі.

Бұл матчтың маңызы өте жоғары. Егер Рыбакина финалда жеңіске жетсе, ол өзінің спорттық мансабында алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің 1-ракеткасы атанады. Қазақстан теннисі үшін де тарихтағы ең маңызды кездесулердің бірі болғалы тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар