Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып жіберген
Шымкенттің Қаратау ауданында әйелге бұрынғы күйеуі қышқыл төгіп, ауыр жарақат салған. Артынша қашып кетіп, полиция Алматыдан ұстады, деп жазады Kursiv.Media.
«Немолчи» қорының дерегінше, келіншек бұрынғы күйеуімен бес жыл бұрын, баласы алты айлық кезінде ажырасқан. Туыстарының айтуынша, ер адам әйелдің атына несие де рәсімдеп алған. Кейін әйел күйеуінің атына алиментке құжат тапсырған. Алайда төлемдер тұрақты болмаған, ай сайын шамамен 10 мың теңге ғана ақша жіберіп отырған.
Осы жылдан бастап бұрынғы күйеуі әйелінің өміріне қайта оралады. Туыстарының сөзінше, ол бірнеше рет үйге келіп, есікті бұзып кіруге тырысқан. Балағаттап, әйелден алименттен нотариус арқылы бас тартуды талап еткен.
Қайғылы оқиға болған күні ер адам жаңа нөмір сатып алып, өзін клиент ретінде таныстырған. Әйел сұлулық салонында жұмыс істейтіндіктен, оған шұғыл қызмет қажет екенін айтып, түнде қабылдауын сұраған. Әйел келісіп, кездесуге барған. Алайда ер адам оны жолда күтіп тұрады. Арнайы киім киіп, қолына канистр ұстап, бұтаның арасынан шығып, әйелдің қолынан ұстап, үстіне қышқыл төккен.
Зардап шеккен әйелдің сөзінше, сол сәтте оның киімі мен терісі бірге еріп жатқанын көрген. Оның айқайын естіген адамдар көмекке келіп, ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазір әйел ауруханада жатыр. Қышқылдан оның беті, мойны, қолы, кеудесі, иығы және арқасының бір бөлігі зақымданған. Бірнеше отадан өтіп, тері трансплантациясына мұқтаж.
Шымкент полиция департаменті осыған қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні Алматы қаласында ұстады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, қамауға алынды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Бұрынғы әйелін бейсбол таяғымен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026