Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана мен Құлжа арасында жаңа тікелей рейс ашылады

kz.kursiv.media

Астана мен Құлжа арасында жаңа тікелей рейс ашылады

FlyArystan әуе компаниясы Қытай бағытындағы халықаралық маршруттар желісін кеңейтті. Астана – Құлжа (Инин) – Астана бағыты бойынша жаңа тікелей рейсі ашылды. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Әуе компанияның мәліметінше, алғашқы рейс 2026 жылдың 28 қазанында орындалады. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері жүргізіледі.

«Астанадан ұшу жергілікті уақыт бойынша 07:55-ке жоспарланған, Ининге 13:20-да қонады. Кері рейс Ининнен 15:20-да ұшып, Астанаға жергілікті уақыт бойынша 14:50-де келеді», – деп хабарлайды компания.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың мамыр айында әуе компаниясы Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашқан болатын. Алғашқы жылы бұл бағыт тұрақты сұранысқа ие екенін көрсетіп, 2026 жылы ондағы рейс жиілігі аптасына төрт рет орындала бастады.

Айта кетерлігі барлық рейстерге билеттерді FlyArystan ресми сайтынан және мобильді қосымшасынан алуға болады.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай бірлескен әуе компаниясын құруды көздеп отырғаны белгілі болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар