Қостанайда әйелін қызының көзінше атып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды
Қостанайда 47 жастағы ер адам бұрынғы әйелін өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.
Тергеу мәліметінше, бұрын қаржы полициясында жұмыс істеген, кейін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалында қауіпсіздік жөніндегі уәкіл болған ер адам қызғаныш салдарынан бұрынғы әйелінің үйіне оқталған карабинмен келген. Ол пәтерге кіру үшін 9 жасар қызын пайдаланып, код құлыпты аштыртқан. Одан кейін бұрынғы жұбайын атып өтіріп, қызын туыстарына апарып тастаған соң, полицияға өзі барып берілген.
Судья Нұрман Айгелов айыпталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуді белгіледі. Сонымен қатар бұған дейінгі ұрып-соғу және қауіп төндіру эпизодтары бойынша қылмыс құрамы табылмағандықтан, ол бұл бөліктерде ақталды.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Снежана Жукова үкіммен келіспейтінін білдірді. Оның айтуынша, марқұм бұған дейін де полицияға арызданған, бірақ құқық қорғау органдары ер адамның қаруын уақытылы тәркілемеген. Адвокат бұл оқиғада полиция қызметкерлерінің де жауапкершілігі қаралуы тиіс екенін атап өтті.
Қазіргі таңда анасыз қалған 9 жасар қыз әжесінің қарауында және психологиялық оңалтудан өтіп жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Қостанайда 100 долларға «ұр-тоқпақ» болып жүрген адам сотталғаны туралы жазған едік.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026