Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ жеке мәліметтер сатылып жатыр деп айтқан адамды іздестіріп жатыр

kz.kursiv.media

ІІМ жеке мәліметтер сатылып жатыр деп айтқан адамды іздестіріп жатыр

Ішкі істер министрлігі даркнетте қазақстандықтардың жеке деректері сатылып жатыр деген ақпаратқа қатысты ресми жауап берді. Ел ішінде шу тудырған бұл хабарламаны полиция өкілдері тексерген.

Ведомство дерегінше, тексеріс нәтижесінде eGov порталына ешқандай хакерлік шабуыл жасалмағаны және заңсыз кіру фактілері тіркелмегені белгілі болды. Жүйе қауіпсіз жұмыс істеп тұр.

Енді жеке деректерді сату туралы хабарландыруды кімнің орналастырғаны, ақпараттың қайдан алынғаны және бұл заңсыз әрекетке қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.

«Барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті шаралардың бәрі қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», – деп жазылған хабарламада.

12 тамызда телеграм арналарда хакер 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметін даркнетте 32 мың долларға сатып жатыр деген ақпарат тарады. Мәліметтерге қарағанда, shymzz13 деген никпен тіркелген қолданушы файлды 0,5 биткоинға, яғни шамамен 32 мың долларға бағалаған. Хакер әр адамның жеке дерегін 1 тиынға де толмайтын сомаға – 0,99 тиынға саудалаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар