Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жасанды интеллектінің қолданыс аясы кеңейіп жатыр, жұмыс уақыты азайып жатқан жоқ

kz.kursiv.media

Жасанды интеллектінің қолданыс аясы кеңейіп жатыр, жұмыс уақыты азайып жатқан жоқ

Кезінде әйгілі экономист Джон Мейнард Кейнс ХХ ғасырдың соңына таман технологиялардың даму деңгейінің жоғары болатыны соншалық – Ұлыбритания мен АҚШ сияқты елдерде кәсіпорындар он бес сағаттық жұмыс аптасына көшеді деген болжам айтқан. Технологиялық тұрғыда осындай өзгеріс жасау әбден мүмкін еді. Дегенмен олай болмады.

Америкалық антрополог Дэвид Гребердің айтуынша, технологиялар, керісінше, адамды бұрынғыдан да көп жұмыс істеуге мәжбүрлеу құралына айналды. Өндіріс саласындағы еңбектің елеулі дәрежеде автоматтандырылғаны рас. Алайда бұл жайт жұмыс уақытының қысқаруына сеп болған жоқ. Оның орнына әкімшілік қызмет секторының бұрын-соңды болмаған ауқымда өсіп кеткеніне куә болдық, дейді ғалым.

Бұл пайымдар жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының пайда болып, етек жайғанына дейінгі кезеңде айтылған. «Еңбек тиімділігі артты ма, жұмыс уақыты азайды ма?» деген сұраққа қазіргі жаппай цифрландыру, ЖИ өріс алған заманда да, өкінішке қарай, «иә» деп нық жауап бере алмай отырған жайымыз бар.

Сорақысы сол – ЖИ-дің қызығын сол ЖИ-ді ойлап тапқандардың өзі көре алмай отыр.

Роботизацияның қарқын алып, ЖИ-дің дамуы арқасында өнімділік артады, жұмысқа кететін уақыт азаяды деген жағымды болжамдарға сүйенген алпауыт OpenAI компаниясы (ChatGPT чат-ботын жасаған компания) нарықтағыларға біртіндеп төрт күндік жұмыс аптасына көшу керек деген үндеу айтқан.

Алайда осы компанияның өзіндегі жұмыс уақыты қысқарғанға ұқсамайды, қайта керісінше, кешке қалып жұмыс істеу, демалыс күндері жұмысқа шығу белең алған. OpenAI-да істеген бір маманның сөзінше, компания «төрт күндік жұмыс аптасы қалай болады екен, көрейік» деген сынақ режимін де әлі бастамаған.

Технологиялар саласындағы компанияларда «спринт» деген ұғым бар: жаңа өнім шығаруға әзірленіп жатқанда, бәрі күн демей, түн демей, дамыл таппай жұмысқа жұмылдырылады. OpenAI-да осындай науқанды шақтарда мамандар жеті күнде 90 сағат, яғни күніне 12 сағат жұмыс істейді екен.

Antropic компаниясында да жағдай осындай. Meta басшысы Марк Цукерберг ЖИ-дің арқасында жұмыстың оңтайланғанын алға тартып, қызметкерлер санын қысқартатынын хабарлады. Қалған жұмыскерлерінің жұмыс уақыты қысқарады деп хабарламады.

Инновациялар жөніндегі сарапшы Нил Томпсонның айтуынша, ЖИ көмегімен еңбек тиімділігін арттырып алған технологиялық компанияларға тән мынадай құбылыс бар: ретін тауып, қызметін оңтайландырып, күш, уақыт үнемдеген жұмысшының жұмыста өткізетін уақыты азаймайды, өйткені оның мойнына жаңа міндеттер, қосымша жұмыстар жүктеле кетеді екен. Журналистика мен копирайтинг саласында да осыған ұқсас үрдіс жүріп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар