Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық әлем чемпионымен жұдырықтасады

kz.kursiv.media

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық әлем чемпионымен жұдырықтасады

Танымал актер, блогер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар қайтадан рингке оралады. Бұл жолы ол кәсіби бокс ережесі бойынша екінші орта салмақта өзбекстандық спортшы Бобиржон «Испанчик» Исроиловпен кездеседі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жекпе-жек INTERNATIONAL BOXING DAY турнирі аясында өтеді. Артём Тарасовпен болған атышулы жекпе-жектен кейін Еркебұлан Тоқтардың шаршы алаңға оралуын жанкүйерлер асыға күткен еді.

Еркебұланның бұл жолғы қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес. Өзбекстандық Бобиржон Исроилов муай-тайдан әлем чемпионы. Сондықтан бұл жекпе-жек екі түрлі мектеп пен мінездің шарпысуы болмақ. Кездесу толығымен кәсіби бокс ережелері бойынша өтетіндіктен, қос тарапқа да соққы техникасы мен шыдамдылыққа арқа сүйеуге тура келеді.

Жекпе-жек 28 тамыз күні Астанадағы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

Оқи отырыңыз: Еркебұлан Тоқтар неге екі гелик алғанын түсіндірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар