Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада үстіне қақпа құлаған баланың ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

kz.kursiv.media

Астанада үстіне қақпа құлаған баланың ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазахстан футбол федерациясының орталығында 9 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы кұлап кетті. Астана полициясы бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«9 жастағы баланың үстіне футбол қақпасының құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында баланың жаттығу кезінде футбол қақпасына асылып, салдарынан конструкцияның оның үстіне құлағаны анықталды. Бала жарақат алды, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда» – деп жазылған полиция жауабында.

Оқыс оқиға 11 тамызда болды. Кешкі жетілерде футбол алаңында жүрген баланың үстіне қақпа құлап, ол жан сақтау бөліміне түсті. Оқиғадан кейін Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасап, орын алған жағдайға байланысты баланың отбасына қолдау білдірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар