Министрлік eGov жүйесінің бұзылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі eGov жүйесінің бұзылғаны және 15 миллион қазақстандықтың деректері таралғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Министрлік құзыретті органдармен бірлесіп техникалық тексеріс жүргізді. eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны анықталған жоқ. Бұдан бөлек, даркнетте сатылымға шығарылған файлдарға қол жеткізіп, оларға талдау жасадық. Олар eGov жүйесінен жүктелген мәліметтер емес, әртүрлі файлдар мен суреттердің жиынтығы болып шықты», – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері мұны растайтын өзге де айғақтарды алға тартты: жарияланған деректердің мәлімделген көлемі мен мазмұны бір-біріне сәйкес келмейді. Сонымен қатар, eGov жүйесінде хабарландыру авторы ұсынған пішіндегі төлқұжат скандарының базасы мүлдем жоқ. Себебі цифрлық құжаттар мүлде басқа алгоритммен қалыптасады және сақталады.
«Сол себепті eGov жүйесінің бұзылмағанын тағы да ресми түрде мәлімдейміз. 15 миллион Қазақстан азаматының деректері алынды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп түйіндеді министрлік.
Бұған дейін ресейлік Mash Telegram-арнасы shymzz13 никнеймді пайдаланушы даркнетте 15 миллион қазақстандықтың жеке деректері бар базаны сатылымға шығарғаны туралы жазған еді.
Арнаның мәліметінше, көлемі 2,7 ГБ болатын файлда төлқұжат деректері, телефон нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары, жұмыс орындары, құжаттардың скан-нұсқалары мен құпия сөздері бар 47 миллион жол қамтылған. Сатушы бұл базаны eGov жүйесіндегі осал тұстарды пайдаланып алғанын айтып, ол үшін 0,5 биткоин (шамамен 14,8 миллион теңге) сұраған.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026